Бағдаулет Сейфулла — Жаным

Бағдаулет Сейфулла — Жаным текст песни

 

 

Бағдаулет Сейфулла — Жаным — текст песни

 

 

 

Біз бірге күн кешейік жырға лайық,

Өзгелер не деседе тыңдамайық.

Жүректі тебіренткен мұңнан айық,

Бір болайық күнде…

 

 

Көздерің күлімдесе жанға жайлы,

Шын ғашық бірін-бірі алдамайды.

Шуақты бір жетейік таңға арайлы,

Арман айлы түнге…

 

 

Сен едің жүрегіме жайлы адамым,

Сөздері керек емес айналаның.

Мен ғашық адамыңа айналамын,

Жаным,жаным менің…

 

 

Өзіңсің гүлдей көркем жасыл бағым,

Өмірдің бірге көріп асуларын,

Өзіңдей бола алады расында кім,

Асыл жарым менің…

 

 

Қалаймын бақытыңның ашылғанын

Бір сен деп шын қуанып тасынғаным

Сырыңды маған айтар жасырмадың,

Қасыңдамын сенің…

 

 

Сен едің жүрегіме жайлы адамым

Сөздері керек емес айналаның

Мен ғашық адамыңа айналамын

Жаным,жаным менің…

 

 

Рекомендуем послушать